Notice: Undefined index: Название h1 in /sites/altsound.kz/page.php on line 53

YAMAHA

Yamaha Corporation – трансұлттық жапон компаниясы, музыка аспаптарының ең ірі өндірушісі, сондай-ақ, ол акустикалық жүйелерді, дыбыстық жабдықтарды және спорт жабдықтарын өндірумен айналысады. Музыканы көпшілікке тарату, музыкалық білім беруді дамыту және қолдау бойынша міндеттемелер – Yamaha-ны оның бәсекелестерінен ерекшелейтін аса маңызды элементтердің бірі.

Yamaha бүкіл әлем бойынша адамдардың алуан түрлі сұраныстары мен қажеттіліктерін қанағаттандыратын тауарлар мен қызметтерді өндіруге ұмтылады. Керемет сапаның, дизайнның, акустиканың, технологиялардың, өндірістің және тұтынушыға бағдарланудың арқасында компанияның өнімдері мен қызметтері халықаралық құрметке ие болды. Бұл салаға қатысы бар кәсіпқой мамандар, мекемелер және кәсіпкерлер Yamaha өнімдері мен қызметтерін жоғары бағалайды.